Жедел құтқару жасағының мамандары мұз құрсауында қалған 2 жылқыны құтқарып алды.

Жазатайым оқиға «ПМК-29» саяжайы тұсындағы Қалғандария арнасында орын алған. Құтқарушылар хабарлама түскен бойда жедел жетіп, 300 метр қашықта қалған жылқыларды мұз құрсаудан шығарып алды. Мамандардың айтуынша, қазір Қалғандарияның бетіне қалың мұз қатқан. Соның салдарынан жайылымда жүрген үй жануарларына әрлі-берлі өту қиынға соғып тұр. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарға сақтық шараларын қаперден шығармау керектігін ескертті.