Қолайсыз ауа райы салдарынан облыс көлемінде жол-көлік оқиғасы жиіледі. Күні кеше «Шымкент – Самара» тасжолының Қармақшы ауданы тұсында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы медициналық мекемеге жатқызылған. Тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы бізбен тікелей байланысқа қосылды.