Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданған шешім. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр жұмысшылармен кездесу барысында осылай деді.

 Кәсіпорын қызметкерлерінің сөзінше бұған дейінгі алтыншы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеген. Ал біріңғай белдеуге көшу тұрмыстық процестерді жеңілдетіп, өмір сүру сапасын жақсартқан. Үкімет басшысы өз кезегінде табиғи уақыт тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер ететіні ғылыми дәлелденгенін атап өтті. «Ал Қазақстан үшін UТC+5 ең қолайлы әрі табиғи уақыт белдеуі», - дейді Олжас Бектенов.

 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз