Тәуелсіздік күніне орай ардагерлер арасында шахмат пен бильярдтан турнир өтті.

 Бильярдттан өткен жарысқа 27 ардагер қатысты. Дәлдік пен ептілік сыналған сайыста қазалылық зейнеткер Аманкелді Қарымсақов бірінші орынды иеленсе, екінші орынды қызылордалық Сейсенбі Шермаханов жеңіп алды. Ал, Қармақшыдан келген ардагер Қуаныш Ержан үшінші орынға табан тіреді.

    Әйелдер арасында шахматтан өткен турнирге 18 ардагер қатысты. Қатысушылар жеребе бойынша 2 топқа бөлініп, әр топтың жеңімпаздары жүлделі орындарды өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Қызылорда тұрғыны Гүлзая Құрманбаева бірінші орынды қанжығалады. Қызылордалық Қырмызы Секина екінші орынды иеленсе, жалағаштық Ләззат Әбдраймоваға үшінші орын бұйырды.

СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 Облыстық ардагерлер кеңесінің жоспарына сәйкес, бізде дәстүрге айналған облыс бойынша ардагерлердің басын қосып, әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырып, олардың белсенділігін арттыру біздің мақсатымыз. Бір-біріменен байланыссын деген бір, екіншіден мен ардагермін деп отырып қалмай спортқа қарай бейімделіп. Бір жағынан бұл кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі. Немерелері, балалары ойлайды ертең біз үлкейгенде бізгеде осылай ұйымдастырса, қандай керемет болар еді деп, сондықтан бұның тәрбиелік мәніде зор.

 ГҮЛЗАЯ ҚҰРМАНБАЕВА - ЗЕЙНЕТКЕР

Екі топқа бөлініп ойнадық, мен өзіміздің тобымыздан бірінші орын алып, екінші топтың бірінші алған адамымен ойнадым,оныда жеңіп, қазіргі уақытта бірінші орын алып тұрмын. Бірінші рет келіп тұрмын, барлығы жақсы өтіп жатыр, ұйымдастырылуы да, бәрі жақсы.