Түркістан қаласындағы қолөнер шеберлеріне субсидия беріледі. Туризмді дамыту мақсатында қолөнерді қолдау мәселесі заңмен қарастырылуда. Мәжілістің жалпы отырысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты әзірлеген кезде Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты елдердің тәжирибесі негізге алыныпты.