Мұнай саласының ардагері Болат Көшербаев құрметті еңбек демалысына шықты. Мерейтой иесін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Аймақ басшысы еңбек адамдарын құрметтеу бұрыннан қалыптасқан дәстүрдің жалғасы екенін айтып, Болат Елеуұлына құттықтау лебізін жеткізді.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс» - деген болатын. Болат Елеуұлы ел экономикасының локомотиві болған мұнай-газ саласында 40 жылға жуық өнімді еңбек етіп, оның ішінде аймақтағы «Торғай Петролеум», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компанияларында басшылық қызметте болып, Сыр өңірінің дамуына өз үлесін қосты.«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясымен бірегей жобаларды іске асырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары деңгейге көтере білді.

 Жиынға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев, мұнай-газ саласының мамандары мен ардагерлер қатысты. Басқосуда Болат Елеуұлының Сыр өңірінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты –Құрмет грамотасы табысталды.

 БОЛАТ КӨШЕРБАЕВ - «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

//Қоғамға қолымыздан келген үлесімізді қосып, кешегі небір замандар болды ғой. Сол қиыншылықтардың бәрін қол ұстасып бірге өттік. Енді міне тыныштық, жақсы заманда зейнетке шыққаныма марқайып, қуанып отырмын.