Қытайда өмір бойына сотталған. Осыдан 10 жыл бұрын Қытайдың Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін.

Бұл туралы Сенаттың кезекті отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақ қызын қайтару үшін тиісті органдар аянбай жұмыс істеп жатыр. Оларға Сыртқы істер министрлігі де қолқабыс етуде. Жаза басқан қыздың өзі де адвокатпен ұдайы байланыста.

ҒАЛЫМЖАН ҚОЙГЕЛДИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

СІМ-мен бірлесе отырып, ол Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күшімізді салудамыз. Біз бұл жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Бұл жұмыс белсенді түрде атқарылуда. Менің ойымша, жақында оң шешімін табады деп сенемін. Оның өз жасазын елге келіп өтегісі келетіні туралы бізге арыз келіп түсті. Ол жазасын елде өтегісі келеді.