Ақай ауылдық округінде ішімдік ішіп, рөлге отырған жүргізуші ұсталды.

Тексеру кезінде 39 жастағы азаматтың масаң күйінде көлікті тізгіндегені белгілі болды. Тәртіп бұзған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылды. Жалпы мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейтілсе де ішімдік ішіп автокөлік тізгіндейтіндер азаймай отыр. Жыл басынан бері 600-ден аса жүргізуші масаң күйде ұсталып, қатаң жазаға тартылған.