Кәмпитке есірткі жасырған. Қаладағы №60 түзеу мекемесінде жазасын өтеушіге осындай сәлем-сауқат әкелген әйелдің әрекеті әшкере болды.
Ол қарақшылық үшін сотталған адамға 12 дана ақ түсті қағазға оралған кәмпит әкелген. Заңсыздық дер кезінде анықталып, аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы оқиға орнына шақырылған. Тергеу барысында өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті және ақ ұнтақ заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінде кәмпит ішінен табылған заттардың кептірілген марихуана мен мефедрон екені анықталды. Ал, сәлем-сауқат алып келген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. Күдкті 5 жылдан 10 жылғадейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.