Шығарылымды жалғастырамыз. Оқушылар сарайында музыкалық көрме өтті.

 Шеберлікте шек жоқ. Шығармашылық шара орыс композиторы Михаил Глинканың 220 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көрмеде әйгілі композитордың туындаларын Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері орындап шықты. Музыкалық көрменің ерекшелігі – өнер сүйер қауым орыс классигінің шығармаларын QR код арқылы да тыңдауға мүмкіндік алды. Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысты.

 СЕРГЕЙ ВОЛКОВ - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ «Михаил Глинканың музыка өнеріне қосқан үлесі зор. Бүгінгі күні жас композиторлар оның шығармашылығына қарап бой түзейді, үлгі алады. Осылайша ұлы композитордың туындылары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатыр.

 БЕКЖАН ЕСЕНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Негізі өнерде шек жоқ. Осындай тұлғаларды біз дәріптеу арқылы, олардың шығармашылығын дәрітпеу арқылы біз осы жас өреңдердің бойындағы өнерге деген құштарлығын, музыкаға деген құштарлығын ояту арқылы келешек өнердің ұлы тұлғаларын тәрібиелеуге үлкен септігін тигізеді».