Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы мың жарымнан астам жоба қаржыландырылып, талапты жандар өз ісін бастап кетті. Кәсібін дөңгелетіп әкеткендердің жұмысын көрсету үшін журналистерге баспасөз туры ұйымдастырылды.
Қала тұрғыны Айнұр Баймаханова мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болған жандардың бірі. Соның арқасында кондитерлік өнім шығарып жатыр.
Ал, Нұргүл Құсаева тігін цехының жұмысын жандандырған. Яғни, шеберхананы кеңейту мақсатында қосымша ғимарат сатып алып, заманауи тігін машинасының бірнешеуіне тапсырыс берген. Қазіргі таңда тапсырыспен арнайы жұмыс костюмдері мен жейделер тігіп жатыр. 90-ға жуық қыз-келіншек тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Жан-Арай» көпсалалы агроиндустриялық кешені де бірнеше жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мүмкіндіктерін пайдаланып келеді. Соның нәтижесінде құрама жем шығаратын және күріш ақтайтын зауыттың жұмысы толықтай іске қосылған. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қойма салынған.
«Даму» қоры өңірдегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына айтарлықтай ықпал етіп келеді. Соңғы он жылда мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлердің арқасында 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылыпты