Халықаралық көші-қон күні қарсаңында үкіметтік емес ұйым өкілдері, құқық қорғаушылар, қоғам белсенділерінің қатысуымен жиын өтті.

  1990 жылдың 18 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы барлық еңбекші мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияны бекітті.

 Атаулы күнге орай ұйымдастырылған жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы проблемалар, мигранттардың құқығын қорғау мәселесі талқыға түсті. Жалпы, өткен он айда 18 мың 670 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Жыл басталғалы көші-қон заңнамасын бұзудың 3107 дерегі тіркелген.