Облыста тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өзекті болып отыр. Себебі, өңірдегі полигондар мерзімінен бұрын толып қалудың аз-ақ алдында тұр. Бұл мәселе өңірге жұмыс сапарымен келген Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің көпшілікпен кездесуінде көтерілді. Сондай-ақ, жиында Арал Теңізінің құрғаған ұлтанын көгалдандыруға бағытталған жобалар жайы сөз болды.

 Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге арналған 145 жер учаскесі бар. Соның 8-і ғана экологиялық талапқа сай келеді. Жыл басынан бері облыста 227 мың тонна қоқыс жиналса, оның 30 пайызы ғана қайта өңделген. Бұл мәселе күн өткен сайын күрделеніп барады. Сондықтан аталған проблеманы шешу үшін министрлік пен жергілікті әкімдік бірлесіп, инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ.

НҰРКЕН ШӘРБИЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ

 Өздеріңіз жақсы білесіздер жыл басында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Оған 640 мыңнан астам адам жұмылдырылып, тазалық шараларына атсалысты. Мемлекет Басшысының «Ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу» тапсырмасына сәйкес, қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында алдағы 2 жылда «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы жалпы құны

42,5 млрд. теңгені құрайтын 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жоба толық іске асқан жағдайда 600-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылады.

 Сондай-ақ, жиында тұрғындар тарапынан Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшеттерін егу, оның қураған бұтақтарын кәдеге жарату және Саяхат мөлтек ауданындағы асфальт қоспасын шығаратын кәсіпорынды басқа жерге көшіру сынды мәселелер көтерілді.

Саяхат мөлтек ауданында асфальт бетон зауыты орналасқан. тұрғын үйдің арасына. Ол зауыттан шығатын түтін, яғни иістер тұрғындардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Оны басқа жерге көшіруге болама?

НҰРЖАН ӨМІРСЕРІКҰЛЫ – ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Екі мекемені келер жылы көшіру жоспарда бар. Сонымен аталған мәселе шешіледі деп есептеймін. Бірақ, біз тиісті мекемені тексердік. Санитарлық талапқа сәйкес келмей тұр. Осыған сәйкес, зауыт егесінің келісімімен келер жылы толық шешеміз деген жоспар бар.

Іңкәрдария ауылы қызылқұмның ортасында орналасқандықтан сексеуілдің көп қоры бар. Оған тыйым да салынып қойды. Кеңес дәуіріндегідей қазір ешкім сексеуіл пайдаланбайды. Енді нәтижелі жұмыстардың арқасында сексеуіл орманы өсті. Бірақ, жарамсыз бұтақтары да көбейіп кетті. Енді айтайын дегенім жаз мезгілінде егіншілік уақытында және өздерінің тұрмыстық ретінде осы сексеуіл қалдықтарын пайдалануға рұқсат берсе. Себебі, оның экологияға ешқандай кедергісі жоқ.

НҰРКЕН ШӘРБИЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Былтыр біз бұл мәселені қарадық. Жамбыл облысынан осындай мәселе көтерілді. Біз сосын комиссия құрып, соған бардық. Бірақ, ол жақта запрет қойылды алуға болмайды деп. Ал, сіздің өтінішіңіз бойынша қараймыз. Комиссия жібереміз. Ал егер сексеуіл жарамсыз қалдықтары көп болса шешеміз.

Нұркен Қожамұратұлы кездесуде көтерілген мәселелерді ғылыми тұрғыдан тереңірек талдау керектігін айтты. Басқосудан соң вице-министр жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың барлығы ескерусіз қалмайтынын жеткізді.