Биыл аймақта алғаш рет сал ауруына шалдыққан балаларға ота жасалды. Нәтижесінде, жеткіншектердің қимыл-қозғалысы жақсара түсті. Сондай-ақ, оңалту орталығына Ұлыбритания елінен арнайы құрал-жабдықтар жеткізілген. Соның арқасында балалар қадамын нық басып келе жатыр. Бұдан бөлек, орталықты заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоры ықпал етпек. Қазіргі таңда 298 млн теңгенің жобасы қолдауға ие болған.
Сырқатқа шалдыққан балаларға тұрақты күтім ауадай қажет. Қызылордадағы балаларды оңалту орталығы осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл алғаш рет сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл қозғалысын жақсарту мақсатында 2 балаға операция жасалды. Бүгінде жеткіншектердің хал-жағдайы жақсы.
СӘБИТ ӘУБӘКІРОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
2024-тің шілде айында жасадық. Өзгеріс бар. Аяқтың ұшымен жүретін. Қазір аяғын басып жүр. Средний ДЦП деді. Кезінде қиналдық. Қазір шүкір. Жақсы.
Операцияны астаналық травматолог-ортопед дәрігер Думан Бағдатұлы жасаған. Ақ халатты абзал мұндай отаны шетел аспай-ақ, елімізде жасауға мүмкіндік бар дейді.
ДУМАН БАҒДАТҰЛЫ - ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕР
Қыркүйек айында бір операция жасалды. Бұл операцияның бір жақсылығы бұлшық етті босату арқылы. Бұл операцияны Қызылорданың өзінде жасадық. Қазіргі уақытта 6 науқасқа ота жасау қажет. Ол науқастарда қол-аяғының зақымдануы бар. Отаны этапты түрде жасау керек болады. Шетелге барып керегі жоқ.
Биыл орталыққа салалық министрліктің пилоттық жобасы негізінде инновациялық құрал-жабдықтар жеткізілді. Соның арқасында тірек-қимылы бұзылған балалар өздігінен жүруге мүмкіндік алды. Баланың басқан әр қадамына ата-аналар дән риза.
НҰРСҰЛУ ТЕМІРБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Жақында инновациялық вертикилизатор берілген. Сол арқылы балам аяғын нық басып жүріп жүр. Мүмкіндік бар. Әрине мұндай балаларды емдетсе, жер-жерге апарса, өзіміздің отандық дәрігерлердің арқасында мінекей балам жақсарды.
Оңалту орталығы негізі 7 бағытта қызмет көрсетеді. Ең басты мақсат - балаларды толыққанды өмірге бейімдеу. Осы бағытта орталық мамандары шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, тығыз байланыста жұмыс істейді..
Бүгінде арнаулы орталық 130-ға жуық балаға ем-дом шараларын жүргізіп жатыр. Орталыққа қажетті заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға «Қазақстан халқына» қоры қолдау көрсетпек. Қазіргі таңда 298 млн теңгенің жобасы мақұлданған.