Мемлекет және қоғам қайраткері қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Боз кілем бәсекесінде 150 жасөспірім спортшы бақ сынайды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір-Нарком» атанған Темірбек Жүргеновтің есімі бүгінде иісі қазаққа етене таныс. Ол - Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан.
Дәстүрлі турнир биыл аймағымызда сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Сыр топырағында туған қоғам қайраткерінің есімін ұлықтап, жас ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында өткізіліп жатқан турнирге Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және аймағымыздан спортшылар қатысуда. Олар 12 командаға бөлініп, 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынаспақ. Республикалық турнирдің қорытындысы ертең белгілі болады.
ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«жылдан жылға осы турнирдің арқасында көптеген біздің балалар деңгейін көтеріп, жақсы нәтижелерге жетіп келе жатыр. Біздің кешегі ел үшін өмір қиған бабаларымыздың аты өшпейді. Осы бағытта жасалып жатқан тәрбиелік іс. Екінші жағынан жасөспірімдер арасындағы спорттық шеберлікті арттыру».
ӘЛИХАН ИБОСЫН - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Түркістан облысынан келдім. Осы қазақ күресімен айналысып жүргеніме 10 жылдай уақыт болды. Қазақстан, Азия чемпионаттарында күрескем. Бгін Түркістан облысының атынан алтын алам деп келдім. Қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін».