Іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен «Өзіңе сен» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әйелдерге қолдау көрсетілді.
Жобаға өтінім берген қатысушылардың ішінен 5 әйел таңдалған. Олар жарты жыл бойы білікті эксперт мамандармен жұмыс істеп, моральдық қолдау алып, денсаулықтарын қалпына келтірді. Содан кейін арнайы курстардан өтіп, мамандық игеріп, нәпақа табуда. Жалпы «Өзіңе сен» жобасы екі жылдан бері түрлі тағдыр иелеріне қол ұшын созып келе жатыр. Іскер әйелдердің бұл бастамасы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
МАНАТ АЛМАШЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
«біздің көмегіміз енді сарапшылардан, коуч, психологтардан өткізіп, қатысушының қызығушылығына қарай оны оқудан өткізу. Белгілі бір мамандыққа машықтандырып, әрі қарай өз нәпақасын табу. Бұл жобада қаржыландыру жоқ. Бұл іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерінің күшімен ұйымдастырылады. Қазір біздің қауымдастықта 30-дан астам белсенді әйел бар. осындай көптеген әлеуметтік жобаларды біз іске асырамыз».
СНХ: АЖАР ҮСЕНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«осы жоба барысында тігінді үйрендім. Курс барысында көйлек, юбка жакет тігіп үйрендім. Қазіргі таңда заказ қабылдап тігінмен айналысып жатырмын. Психологиялық тұрғыда да өте керемет әсер алдым. Терапиялар жасап, өзімді қабылдау, жақындарымды қабылдауды үйрендім. Басында келгенде өте тұйық болып келдім, қазір өзімді жақсы көруді, күлуді үйрендім».