Қармақшы ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы қорытындыланды. Жастарды жат қылықтан аулақ болуға шақырған іс-шара аясында барлық елді мекендерде түрлі форматта жиындар өткізілді.
Есірткінің адам ағзасына зияны қандай? Оны таратқандар мен тұтынғандарға қандай жаза қарастырылған? Бұл акция аясында талқыланған негізгі тақырыптар. Құқық қорғау органдары бүгінде қоғамның басты індетіне айналған нашақорлыққа қарсы күресті күшейтіп, профилактикалық іс-шараларға басымдық беруде.
МЕЙРАМБЕК МАХАМБЕТЖАНОВ – АУДАН ПРОКУРОРЫ
Бұл шараға барлық жергілікті құқық қорғау органдары, білім, басқа да үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері, еріктілер қатыстырылды. Бұл – өте маңызды шара. Еліміз бойынша, жалпы, әлем бойынша проблема есірткінің проблемасы. Осындай мәселені жастардың арасына алайық, профилактикалық шараларды тиісті деңгейде жүргізейік деген мақсатта жүргізілді.
: Бір ай көлемінде ауданда әкімдік пен прокуратура бірлесіп нашақорлыққа қарсы бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде спорттық эстафеталар, аудандық жас ақындар мүшайрасы, көркем сурет сайыстары бар.
Акция аясында мектеп оқушылары есірткінің зиянды әсері туралы түрлі қойылымдар қойып, бейнероликтер түсірді. Нәтижесінде, Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп жанынан құрылған «Құлагер» театрының қойылымы үздік деп танылып, аудандық прокуратураның алғыс хатымен марапатталды.
МИРАС ШАХЗАДАЕВ – ОҚУШЫ
Нашақорлыққа жол жоқ акциясына қатысып, театр өнерінен ауданда бірінші орын алып жатырмыз. Жастарға жолдауым есірткіге ешқашан жоламау. Нашақорлық өте зиян нәрсе. Саналы ұрпақ саналы өмірді қалайды. Осы көріністе мен басты рөлде нашақорлыққа түскен баланың рөлін ойнадым. Нашақорлардың күні қандай болатынын дәлелдеп бердім.
Іс шара барысында жастар нашақорлықтың қоғам дерті екеніне көз жеткізіп, есірткісіз өмірді таңдайтындарын жеткізді. Ал, нашақорлыққа қарсы күрес акция шеңберінде ғана емес, ұдайы жүргізіліп отырады.