Жастар жүрегі мейірімге толы және бұл әрине, қуантады дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері. Бүгін соның айғағы ретінде «Жастар қайырымдылық жолында» атты іс-шара өтті.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастары жабыққанға демеу, қиналғанға сүйеу болып жүр. Жыл басынан бері 82 іс-шара ұйымдастырып, 3 мыңға жуық жанның жоқ-жітігін түгендепті. Көктемгі су тасқыны кезінде де жұдырықтай жұмылып, 4 млн 890 мың теңгені бағыттапты.
Қайырымдылық біле білсек, осы жердің иесі – қазақ халқынан дарыған қасиет, - деді өз кезегінде ел тарихын етене білетін шешен ұлтының өкілі Лейла Пашаева. Тағдырдың тәлкегімен мұз қатқан пойызбен ұлы далаға табанымыз тигенде, өздері аштықтан енді еңсе тіктеп жатқан қазақтар қолындағы асымен де, баспанасымен де бөлісті, ол күндер жүректе жаттаулы ғой деп жыр жолын арқау қылды:
Жер бетін жамандықтан құтқаратын ұлы қасиет – мейірім. Сондықтан ассамблея жастары бұл қасиетті одан әрі насихаттай береді, - деді кіші буын өкілі.