Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында белгілі журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Доп додасына еліміздің әр өңірінен 10 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жетісу жеріндегі жарыстан Сыр журналистері жүлдемен оралды.
Бейсен Құранбек қазақ телевизиясының дамуына үлес қосқан бірегей тұлға. Ол «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы көрермен көзайымына айналды. Жарыстың мақсаты - қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, шешілуіне ықпал еткен білікті журналисттің өмірі мен еңбек жолын насихаттап, есімін жаңғырту.
Айта кету керек, еске алу турнирі осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы ерекшелік доп додасына көршілес Қырғызстан республикасында журналистерден құралған футбол командасы қатысты. Ал, Қызылорданың намысын «Ақмешіт» командасы қорғады. Сонымен тартысқа толы турнирде жетісулық «Қарекет» командасы бірінші орынды жеңіп алса, қырғыз елінен келген жігіттер екінші орынға ие болды. Ал, астаналық «Qaz365» командасы үшінші орынды еншілесе, «Ақмешіттің» аяқдопшылары төртінші орынға тұрақтады. Жарыс жеңімпаздары мен арнайы номинация иелері қаржылай сыйақымен марапатталды.
ЖӘНІБЕК ЕСЕНӘЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ
Бейсен ағамызды біз біліп көріп,эфирден көруші едік. Мына жасап жатқан турнирге қатысып жатырмыз. Журналистердің арасында ынтымақтастық болу үшін бұл өте жақсы нәрсе. Екі ел арасында. Журналистердің іс әрекеті негізінде әрлі бері қатынастар болады. Журналистері достық мәмледе болса елдің наным сезімі де достық мәміледе болады