Елімізде мемлекеттік тілдің цифрлық ұлттық сөздік қоры жасалып, қазақ тілінің қолданысы бірізділенеді. Мәжілісте мемлекеттік тілді жасанды интеллекттің күшімен дамытуды көздейтін заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, дарынды жастарды қолдау қуаттай түспек.
Қазір жасанды интеллектіге иек артып, соның көмегімен талай істі жеңілдетіп, атқарып жатырмыз. Бірақ, жасанды интеллектінің әлі де қазақшасы шорқақтау екені рас. Сондықтан, қазақ тілінің сөздік қоры, яғни, тілдік ақпараттық жүйе түзіледі.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Құрылатын Сөздік қоры, ол ашық, қолжетімді ақпараттық жүйе болады, сәйкесінше кең аудитория үшін қазақ тілінің нормасы мен ережелеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың кез келген уақытта, күнделікті өмірде тілді дұрыс қолдануына жағдай жасайды. Осылайша, ұлттық сөздік қор қазақ тілінің "бас анықтамалығы"сияқты болады».