Шиеліліктер «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру мен тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Кезекті іс-шараның бірі Жөлек және Бәйгеқұм ауылдарында ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Оқшы ата» мазарының аумағындағы 4,5 гектар жер тазаланды. «Бәйгеқұм» ауылдық округінің кіре беріс тұсында да тазалық жұмыстары жүргізіліп, тал шыбықтары отырығызылды.

ДАУЛЕТ ӘБЖАППАРОВ – БӘЙГЕҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Болашақта үлкен саябақ қыламыз, ауылымыздың тұрғындары, мынау Батыс Еуропа, Батыс Қытай жолынан өткен жолаушылар осы жерге келіп өзінің уақытын жақсы өткізу мақсатында осындай үлкен саябақ ашу жоспарлануда. Заманауи қоралармен қоршалды, асты таспен цементтелді, өте жақсы жасалды, қазіргі уақытта бұл жер толық игеріліп, асты жыртылып, көң төселді, қарықталды суаруға ыңғайланып, қазіргі уақытта, өздеріңіз көріп тұрғандай жүз түя ағашы егілді, екі жүзге жуық көк ағашымыз егілді. Көк терегіміз егілді үш жүзге жуық, үш жүзге жуық жеміс ағаштары осы жерге егілді.

МЕЙІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ – ЖӨЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

 Екі шақырым атажап қазылып, өздеріңіз көріп отқандай ағаш көшеттерін ектік. Көктемде су қойып, қосымша септеп, яғни шықпай қалған жерлерін қайтып қолға аламыз. Бұл енді бес мың түп көшеттің ішінде біз, осы, жергілікті климатка бейімделген ағаштар егілді. Қара ағаш, екпе тал. «Таза Қазақстан» акциясының аясында жасалып жатқан бұл жұмыс, демеушіліктің арқасында, ауданымыздың азаматтары бірігуінің арқасында осындай істер атқарылып жатыр.