#qyzylordatv
Жазда жабайы жағажайлар қауіп алаңына айналары белгілі. Осы ретте өңірдегі төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырып, су айдындарының маңын бақылауға алуда.
Кезекті рейдтік тексеріс Жалағаш ауданындағы жағажайларға жүргізілді. Оған аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар және полиция бөлімі мен білім беру мекемелерінің мамандары жұмылдырылған. Рейд барысында жасөспірімдердің рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелері мен жауапкершілік туралы ақпарат берілді.