#qyzylordatv

Биыл Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл. Сондай-ақ, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына орай Сыр сахнасында Мемлекеттік «Ақжауын» камералық оркестірінің сүйемелдеуімен күйші-композитор Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтті. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.

Тума таланттар жетерлік. Бірақ, талантын телегей теңіз тереңдігімен тоғыстырған тұлғалар тым аз. Секен Тұрысбеков солардың бірі де бірегейі. Сондықтан болар күмбірлеген күй кешін көруге келген көпшілікте есеп жоқ. Алдымен аймақ басшысы Қазақстанның Халық әртісі бастаған өнер ұжымына Сыр елінің ыстық ықыласын жеткізді.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// Еліміздің дарынды перзенті Секен ағамыздың шалқар шабытынан туған шығармалары бойға рух беріп, жүрек тербеп ерекше сезімге бөлейді. Бүгінге дейін әлемнің бірқатар елдерінің үздік сахналарында әсем сазбен тербеп, қазақ өнерін асқақтатқан Оркестр ұжымының еңбегі зор құрметке лайық!

  Секен Тұрысбековтің шығармашылығында мөлдір мұң бар. Сондықтан Секеннің сарыны барлығына жақын. Шалқар шабытынан туған талай туынды көп көкейіндегі күйді тамыршыдай тап басып, бірден баурап алады. Бір ғана «Көңіл толқыны» талайдың жан жарасын жазып, сезім пердесін селт еткізбей қоймайды. Биыл шоқтығы биік шығарманың туғанына 40 жыл болыпты.

 СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, КҮЙШІ-КОМПОЗИТОР /// Күй күрделі. Нағыз тыңдарман осы Сыр елінде, жыр елінде. Қорқыт бабамның елінді. Бұзылмаған қаймағы. Осындай өзгелерге де жұғысты болса екен. Бәрі баянды, байсалды болсын.

Рухани сазды кеште мемлекеттік «Ақжауын» камералық оркестірінің сүйемелдеуімен Құрманғазының «Ақсақ киік», «Қайран, шешем», Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Боорлаштарым», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйлері орындалды. Бұдан бөлек, өнер иесінің бірқатар әуезді әндері шырқалды.

 БИБІГҮЛ ҚИЛЫМХАН – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ /// мен бұл кісінің 6-7 әндерін орындаймын.

 «Күйді мың кісі тыңдайды, бір кісі ұғады» деген. Сырбойлық көрермен 1,5 сағатқа созылған саз кешін тапжылмай тыңдап, көңілдері шалқып, қол соғып, ризашылығын білдірді.