#qyzylordatv

Биыл Жалағаш ауданында 37 185 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі 19800 гектарды құрайды. Аудан диқандары қазіргі күні егіс алқаптарын толықтай суға бастырып, өскінді күтіп баптау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Қазір егіс басында мүлгіген тыныштық. Күріш дақылы кемінде 90 күн бойы суда тұрып піседі. Диқандар егінге қажетті тыңайтқыштарын сеуіп, өскінді баладай мәпелейді. Несібесін жерден жинаған шаруалар вегетациялық кезеңде тіршілік нәрінен тапшылық болмаса,- дейді. Жалағашта биыл 12 мың гектар жер лазерлік тегістеуден өтті. Бұл суды үнемдеуге және егіннің бітік шығуына септігін тигізбек. Аудан тұрғындары биыл бақша дақылдарына да басымдық беруде. Мәселен, Еңбек ауылынан сегіз отбасы бірігіп, екі гектар аумаққа қауын, қарбыз егіпті. Бұйырса жаз бойы төккен тердің өтеуі күз айында қайтады деп күтіп отыр.

 БАҚЫТБЕРГЕН БАЛХАНОВ, ЕҢБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ \су мәселесі елді мекенде толықтай шешілген. 3 жылдан бері электр насос тұрақты түрде жұмыс жасап тұр,....................\