#qyzylordatv
Сыр диқандары егін шаруашылығына заманауи техниканы қолданып жатыр. Мәселен, «егінші» дрондар шаруалардың екінші тынысын ашқандай. Ала жаздай атыз жағаламай-ақ егістікті қашықтан бақылап, тіпті дронның көмегімен тыңайтқыш сеуіп жатыр. Әріптесім Дәулет Сағит қарапайым еңбек адамдарының жұмысын жеңілдеткен техниканың қыр-сырына қанықты.
Жасанды интеллект ауылға да жетті. Заманауи техниканың тілін тапқандар табан тоздырмай-ақ егіс алқабын баптап жатыр. Агродрон агрономның сенімді серігіне айналыпты. Ал, ауыл тұрғыны Самат Байүлиев дронның көмегімен тыңайтқыш сеуіп жатыр.
САМАТ БАЙҮЛИЕВ – ДИҚАН //Енді біз егіннің өнімділігіне көп көңіл бөлеміз ғой. Сол үшін гербицидті самолетпен себетін едік. Бізде аэропорт жоқ. Көрші Мисс деген ауыл бар сол жақтан ұшатын тұғын. Оған біз бүкіл адамдардың күшін жұмылдырып, ол жаққа қаншама жанар май апарамыз. Өзіміздің тыңайтқыштарымызды апарамыз. Сосын сепкен кезде мысалы үшін ол атыздың ішіне ғана сеппейді. Арыққа да сеуіп кетеді. Сброзтарғада сеуіп кетеді. Общий шашып кетеді. Ол жағынан бізде шығындар болатын. Ал мына қытайлық дрон тек атыздың ішіне ғана керек жеріне ғана сеуіп шығады. Бір жағынан оны басқару үшін адам көпте керек емес. //
Ұшу аппаратының иесі Шыңғысхан Амангелді. Оның айтуынша, дрондар егістікті автоматты түрде бүркіп, жұмысты едәуір жеңілдеткен. Тіпті дронмен дән сеуіп, өнімділікті арттыруға болады дейді.
ШЫҢҒЫСХАН АМАНГЕЛДІ – ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ //Дронның бір жақсы жері атыздың ішіне өзінің себетін жерлерін сызып алып, автоматтық режимде сеуіп жүре береді. Ал, тыңайтқышы біткен жағдайда келесі күні дәл сол жерден әрі қарай жалғастырып кете алады. Бір пультпен ғана басқарамыз. Бір тәулікте 100 гектар жерге дейін дәрілеуге болады. Негізі түнгі уақыттарда және күн бұлтты кездерде ұшыру керек. Ал күннің көзі қатты түсіп тұрған кезде себілген дәріміз жерге дұрыс әсер етпеуі мүмкін. Жалпы бұны үйрену үшін 2 айдай уақытым кетті. Багы 45 литрлі. Бұнымен күріш себуге де болады.//
ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ // Диқандар осы дрон арқылы күрішке түскен зиянкестерді де ерте анықтап, онымен күресу үшін тиісті шараларды қолданып келеді. Мұның тағы бір ерекшелігі қажет болған жағдайда алқаптағы су деңгейінге көруге болады. Мұнан бөлек, тыңайтқыштарды дәлме дәл мөлшерде қолдануға көмектеседі. Осы арқылы қызылордалық диқандар химиялық заттарды үнемдеп, қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізіп келеді.//