#qyzylordatv
Жүректілік, жауапкершілік, адалдық һәм адамгершілік. Осындай игі қасиеттер бойынан табылатын дәрігер ғана халықтың сүйіктісіне айналмақ. Біздің сөз еткелі тұрған кейіпкеріміз қарапайым дәрігер. Ал ерекшелігі, жан тәнімен жұмыс жасай білуінде. Сонысымен Зульфия Мырзахметова бүлдіршіндердің сүйікті дәрігеріне айналған.
ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ – ТІЛШІ
Күн сайын ондаған бала түрлі жағдаймен ауруханаға түсетіні белгілі. Олардың әр қайсының үміті бір адамға байланған. Ол балалар дәрігері.
Зульфия Мырзахметова облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы педиатрия бөлімінің меңгерушісі. Айтуынша, кәсібиліктің шыңы – диагнозды дұрыс қою ғана емес, баланың тілін тауып, сөз демеу беруде.
ЗУЛЬФИЯ МЫРЗАХМЕТОВА - ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ПЕДИАТРИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Тек диагноз қою емес науқас балаға,ең бірінші баланың бабын табу, оны емдеу, ата-анасына сенімділік арттыру. Әрбір адамға, әрбір балаға индивидуальді ерекше подход бар. Бала деген өте нәзік структура, алдымызға келген балаға айтамыз ғой,атын сұраймыз, үйінде мамасы мен папасы қалай еркелетеді соны да сұрап аламыз, сосын сұрап, еркелетіп, әрине мейірімді сөздер айтамыз, жоқ укол салмаймыз, әйәй қыламыз, жақсы қыламыз, жазылып кетесің үйге қайтамыз, үйде кім бар,әже бар, ата бар дейді,соларға барамыз дейміз.
Сырқаттанған балаларға мейірімін төге білген кейіпкеріміз кейде оларға қатты бауыр басып та қалады екен. Ақхалатты абзал жанның бұл мамандықты таңдауы да бекер емес.
ЗУЛЬФИЯ МЫРЗАХМЕТОВА - ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ПЕДИАТРИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
//Туылғалы бері өте аурушаң бала болып туылдым,кішкентай кезімде арманым болды дәрігер болу, менің түсінгенім бала дәрігері болу үшін үлкен жүрек керек, мейірімділік керек. Кезінде бір бала болды бізде, өте күрделі диагнозбен түскен, қазір ол бала 25-26 жаста, ата-анасымен келіп, бізге ауруханаға келіп ризашылығын білдіріп кетіп жатыр, көшеде жүргенде, мысалға, көптеген ата-аналар,балаларды көреміз, алдымыздан жүгіріп шығады, кезінде бізде емделгенін айтады