#qyzylordatv
Өңірде туристік әлеуеті зор ауданның бірі – Жаңақорған. Ондағы емдік батпағы бар шипажайға келушілер өте көп. Оған қоса, көненің көзіндей болған тарихи орындарға ат басын бұратындар аз емес.
Жаңақорған шипажайында жылына 12 мыңдай адам тынығады. Әсіресе, жазғы маусымда келушілердің қатары қалың. Теріскен көлінің батпағы ерекше емдік қасиетке ие. Ауданның туристік әлеуетін арттыру мақсатында шипажайда кездесу өтті. Тынығуға келген көпшілікке тарихи-мәдени орындар жайында кеңінен мәлімет беріліп, арнайы үн парақтар таратылды.