Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында мектеп жанынан салынған қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Бесарық аулындағы бұл мектеп 1979 жылы пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Мектеп ғимараты әлі де балалар игілігіне жарап тұр. Дегенмен жыл өткен сайын оқушы саны көбеюде. Сондықтан білім ордасының жанынан қосымша ғимарат салынды. Мұнда бастауыш сынып оқушылары оқиды.
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Облыс әкімінің бастамасымен биыл білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге жетіп, аймақ бюджетінің 42,5 пайызын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артық. Бүгін міне, "Бесарық" ауылындағы Жүсіп Қыдыров атындағы №54 мектеп жанынан салынған 375 орындық қосымша оқу ғимаратының ашылу салтанатына жиналдық. Бұл құрылысқа 789,6 млн теңге қаржы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы бөлінді. Жаңа ғимаратта балаларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беріледі деп сенеміз».
Ғимарат заманауи үлгіде салынған. Ал, жаңа мектеппен танысып үлгерген оқушылар білім алуға қажеттінің барлығы бар екендігін айтады.
ЖӘНЕЛ ЖОМАРТҚЫЗЫ - ОҚУШЫ
«өте әдемі, үлкен, сыныптары кең және де білім алуға өте сапасы жақсы мектеп ашылды. Бұл мектеп бастауыш сыныптар оқитын мектеп. Және де компьютер сыныбы бар».
МҰХТАР МЕЛДЕБЕКОВ - Ж. ҚЫДЫРОВ АТЫНДАҒЫ №54 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«мұнда енді заманауи компьютер кластары қосылды. Бөлмелері кең, таза, барлығы күншығысқа қарап тұр. Оның жаңа стильде салынған ғимарат болып тұр. Біздің ескі ғимратымыздың дәліздері де тар. Жарықтың түсуі де шамалы көлеңкелеу болып тұратын. Оғана қарағанда бұл әлдеқайда жарық, кең. Деген біз әлде де ол ғимратты пайдаланамыз. Ол мектепте 5-11 сынып оқушылырын оқытамыз».
Білім беру саласындағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады.