Жасанды интеллект құқық қорғау органдарында өзінің тиімділігін көрсетуде. ІТ жоба көмегімен хабар-ошарсыз кеткен 91 адам кезекші тәулікте табылған. Бұдан бөлек, қылмыс барысында қолданылған 1074 ұялы телефон номерлерін тексеру арқылы 151 қылмыс пен 2 киберқылмыстық топ әшкереленген. Аталған деректер заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінде айтылды дейді тілшіміз.

Ел Президенті барлық мемлекеттік органдарға жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды тапсырғаны мәлім. Бұл тапсырма жергілікті құқық қорғау және қадағалау органдарымен жүзеге асып, айтарлықтай нәтиже көрсетуде. Айти-тергеу жобасының тиімді тұсымен облыс прокуроры бөлісті.

 ІТ-жоба аясында облыстағы криминогендік ахуал талданып, жиі кездесетін қылмыс түрлері мен олардың жасалу себептері толық зерттеліпті. Соңғы кезде еліміз бойынша алаяқтық қылмысы тым көбейіп кеткені рас. Бұл қылмысқа баратындар қатарында әйелдер көш бастап тұр екен. Олардың әлеуметтік портретіне келер болсақ, көбіне 25 пен 50 жас аралығындағылар әрине, жұмыссыздар. Өңірдегі криминогендік ахуал қысқаша мынадай:

Арнайы ІТ-бағдарламалардың келесі жылғы қызмет ақысын төлеу мәселесі шешімін тапты. Облыстық әкімдік қолдау білдіріп отыр. Өйткені өңірдің қауіпсіздігі басты назарда.

Цифрландыру жобасының тиімділігін полиция қызметі де айрықша атап отыр

 Еске сала кетейік, облыстағы интернет алаяқтық қылмыстарды дер кезінде ашу мен сапалы тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін «Киберпол» тобы құрылған. Оның құрамында тәжірибелі прокурорлар мен полиция қызметкерлері бар. Жалпы, жасанды интеллекттің қауіпсіздік қызметінде ролі зор. Бет-пішінді дереу анықтау, статистикалық, аналитикалық талдау жасау, гаджеттер арқылы қозғалыс траекториясын қадағалау сынды сан түрлі тиімділігі бар. Аталған жаңа жобалар облыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлесін қосад дейді жауапты орган өкілдері.