Пәтер ішінде құлап, өздігінен тұра алмай қалған 90 жастағы әжеге құтқарушылар көмекке келді.

Қаладағы көпқабатты үйде тұратын кейуана далаға шықпақ болған екен. Алайда, есікті аша алмай, сол жерде құлап қалған. Осы сәтте сырттан келген немересі дереу «112» шұғыл байланыс орталығына қоңырау шалып, құтқарушыларды шақыртады. Жедел-құтқару жасағы сатының көмегімен екінші қабаттың терезесі арқылы үйге кіріп, еденде жатқан қарт кісіге көмек көрсетті. Қазір әжейдің денсаулығы жақсы, деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.