Алдағы күндері өңірде ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Жалпы айдың соңына дейін құбылмалы ауа-райы сақталады дейді мамандар.
АЙГЕРІМ ЖӨКЕЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ «КАЗГИДРОМЕТ» РМК МЕТЕОБОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
//19-нан 20-сына қараған түні облыс бойынша қар күтіледі. Яғни, ауа температурасы 20-сыншы желтоқсаннан бастап төмендейді. 20-25 аралығында облыс бойынша жауын-шашынсыз ауа-райы орнайды. Түңгі температура -5,-15 градус шамасына дейін төмендесе, күндізгі температура -7 градусқа дейін төмендейді. Ал желтоқсан айының аяғында 28,31 желтоқсан күндері облыс бойынша ауа температурасы қайтадан көтеріліп, облыс бойынша қар-аралас жаңбыр күтіледі. Осы аралықта облыс бойынша көктайғақ күтіледі және желдің екпіні,желдің көрсеткіші 23,28-ге дейін күтіледі.