#дтп #жүккөлігі #жаңалықтар #qyzylordatv

Оқыс оқиға! Жүк көлігінің тіркемесі патрульдік полиция көлігінің үстіне аударылып, жапырып тастады. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы және полиция қызметкерлері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

 Оқиға кеше «Самара-Шымкент» тас жолының қалаға қарасты Талдыарал елді мекенінде болды. Белгілі болғандай, сол аумақта облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының екі қызметкері кезекшілік жұмыстарын атқарып жүрген. Олар жұмыс барысында екі автокөліктің соқтығысу оқиғасын рәсімдеп, автокөліктеріне отырған сәтте «Man» жүк көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Газель эвакуатор» автокөлігіне соғып, жүк көлігінің артындағы тіркемесі қызметтік автокөліктің үстіне құлаған. Аталған іс бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.