#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #тазалық
Бүгін әдеттегідей Үкімет отырысы өтті. Жиынға өзек болған мәселе – Президент пәрмен берген «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру, IT-экспортты дамыту. Жиынға барлық аймақ әкімдері селекторлық режимде қатысты. Үкімет отырысынан кейін облыс басшысының төрағалығымен мәжіліс өтті. Ол туралы - тілші бейнесюжетінде.
ІТ деректермен әлі етене дос емес екенбіз. Неге дейсіз бе? Былтыр екіншіжартыжылдықта «Таза Қазақстан» порталы іске қосылды. Оның мақсаты – тұрғындармен жылдам әрі ашық кері байланыс орнату. Яғни, келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарға дер кезінде жауап беру. Алайда жергілікті тұрғындар бұл ақпараттық жүйеден толық хабардар емес секілді.
Ел бойынша жасалған енапат еңбектен сырбойылықтар да сырт қалған жоқ. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында біздің аймақта да үздіксіз жұмыс жүрді, тонналаған қоқыс шығарылды, ол тірлікке 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары да қарқын алып, өңір климатына жерсінетін көшеттер егілді. Бірақ, сол көгалдандыру бағытында қаншама уақыт бөліп, күш жұмсап, жасаған жұмыстың нәтижесі ойдағыдай емес. Неге? Себебі, егіліп, жапырағы жайқалған шыбықтардың әрі қарайғы тағдыры тасқараңғы. «Жылайды жапырақ» деген ән бар ғой. Негізі, жапырақтар жыламайды, су құйылмай, қараусыз қалған ағаштар жылайды...
Яғни, бізге жанашырлық қасиеті жетіспей тұрғаны жасырын емес. Облыста экологиялық мәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жоспары бекітілді. Ауылдарда экомәдениетті дамытуға бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы жыл сайын өткізілуде. Соңғы екі жылда 1 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Өткен жылы коммуналдық сала және абаттандыру мекемелеріне алынған 106 арнайы техника қазір ел игілігіне қызмет етуде. Бұл бағытта тазалық, экологиялық мәждениет және жанашырлық деген үлгі етер тірліктің үш тағаны үзілмеуі тиіс.