#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #сот #жасандыинтеллект #технологии
Сот жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. 2 миллион 655 мың материал роботты техниканының көмегімен қаралды. Президент қабылдауында болған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев осылай деді.
Сот жүйесінде былтыр қаралған істер саны артқан, ал соңғы 5 жылда сот төрелігінің сапасы ең жоғары деңгейге жеткен. Алқабилердің құзыреті кеңейіп, қаралатын істер саны екі есеге өсті. Төраға судьялардың дербестігін нығайту, әкімшілік әділет саласын дамыту және кассациялық соттар құру бойынша заңнамалық бастамалар туралы баяндады. Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз ету мен соттарға деген қоғам сенімін арттырудың маңызын атап өтті.