#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #дәрігер

Былтыр аймақтағы медициналық мекемелердің қызметі мен фармацевтикалық бақылауға жауапты департаментке 364 арыз-шағым түскен. 91-і денсаулық сақтау субъектісіне қатысты болса, оның 65 пайызы мемлекеттік медициналық ұйымдар. Бұл туралы облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанерке Алмасқызы мәлімдеді.

 Департаментпен жеке медициналық ұйымдарға жүргізілген тексерулер саны 2023 жылмен салыстырғанда 48 пайызға артқан. Қаралған өтініштердің басым бөлігі медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты. Негізгі кемшіліктер диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес келмеу, науқастың жағдайын бағаламау және науқастың жағдайын кеш диагностикалау.

 Қаралған арыз-шағымдар бойынша басты үлесті терапия құраса, екінші орынды педиатриялық бейін, одан соң акушерлік-гинекологиялық бағыт құрайды. Фармацевтикалық қызмет саласында 62 іс бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралса, оның 15-і лауазымды тұлға болып отыр.