#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #энергостанция #электроэнергия
Жыл басынан бері тұрғындар электр энергиясы құнының құбылғанына шағым білдіруде. Тіпті электр қуаты шектен тыс қымбаттап кетті деп дабыл қағып жатыр. Бұл мәселеге қатысты облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек түсініктеме берді.
Сала жетекшісінің айтуынша, тариф сол баяғы мөлшерде. Еш өзгерген жоқ. Бар кілтипан өңірдегі энергиямен жабдықтаушы еншілес мекемелердің жабылғанынан туындап отыр. Енді бұл қызмет түрі толықтай «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне жүктелді. Сондықтан, тұрғындар бұрынғы компаниялармен толықтай есеп айырысу қажет болған. Тұтынушылар осылайша бұрынғыдай бір ай емес, 45 күндік көрсеткішпен төлем жасады, дейді басқарма өкілі.
ТАХИР НӘДІРБЕК – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Желтоқсан айында электр энергиясы қымбаттады ма?» деген сұрақ көбейді. Тариф өскен жоқ. Мәселе мынада. Облыс орталығында тұтынушы көп. «Энергосервис» әртүрлі уақытта төлем жасап, сол күні база жабылатын. Энергиямен жабдықтаушы мекеменің жабылуына байланысты 31 желтоқсанға дейінгі көрсеткіш бойынша есеп айырысу қажет болды. Тұтынушылар осылайша бұрынғыдай бір ай емес, 45 күндік көрсеткішпен төлем жасады. Тұрғындардың «көп төледік» деп жүргені – осы айырмашылық. 1 қаңтардан бастап «КРЭК» мекемесінің қолына өтті, енді төлем жасау мерзімі бұрынғы қалпына түседі/