#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #заңментәртіп #есепші
Қазына қаржысын жымқырған мектептің бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол Арал ауданындағы білім ордаларының бірінде қызмет еткен. 2023 жылдың қаңтар мен 2024-тің тамызы айы аралығында 20 млн 417 мың теңге көлемінде қаржыны негізсіз өз есепшотына аударып алған.
Тергеу деректеріне сәйкес сотталушы штаттық кестедегі жалақыдан бөлек есепшотына негізсіз қаржы аударып, бас пайдасына жаратқан. Еңбек демалысы кезінде де өз шотына ақша аударып отырған. Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржылық жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шеттетілді. Сондай-ақ, сотталушыға мемлекетке келтірілген жиырма миллион теңгеден астам шығынды үкім заңды күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде қайтару міндеттелді.