#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #баспана
Енді кәмелет жасына толған кез келген қазақстандық ешқандай санатқа кірмесе де баспана кезегіне тұра алады. Ол үшін соңғы 5 жылда атына тіркелген баспанасы болмауы керек.Ал, баспана кезегіне тұру талаптары мен шарттары қандай? Тілшіміз Назира Алмас біліп қайтты.
Бұдан былай “Отбасы банк” екінші деңгейлі банктіктік қызметін сақтай отырып, ұлттық даму институты ретінде де жұмыс атқармақ. Яғни жергілікті атқару органдарының есепке алу, кезекке қою және тұрғын үйді бөліп берумен айналысады.
Мамандардың айтуы бойынша, үй беру кезінде азаматтардың кезекке тұру күні мен табыс деңгейіне мұқият мән беріледі. Тұрғын үйге әуелі бұрыннан кезекте тұрғандар қол жеткізбек. Келесі 8 санаттағы әлеуметтік топтарда тұрғын үйді алғаш болып ала алады. Олар: соғыс ардагерлері мен соған теңестірілгендер. Жетім балалар. Көпбалалы аналар және отбасылар. 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер. Мүгедек балалары бар отбасылар. Басқа ел аумағында әскери іс-қимылға қатысқандар. Сондай-ақ жесір қалған әйелдер.
БЕКБОЛ ҮСЕНҒАЗИЕВ – "ОТБАСЫ БАНК" АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ
«Отбасы банк» қазір банктен қаржылық институтқа айналу үстінде. Толыққанды біз мамыр айында өтетін боламыз. Бұрын үй кезегіне тұру үшін белгілі бір санатта болу керек, мәселен көпбалалы ана, мүгедек баланы асыраушы деген сияқты, біз қаржылық институтқа айналғанан кейін ешқандай санатқа жатпайтын адамдар үй кезегіне тұра алады. Бастысы соңғы 5 жылда өзінің атында ешқандай тіркелген үй болмау керек. Мән беретін мәселе азаматтардың кезекке тұру мерзіміне байланысты ескеріледі. Неғұрлым ерте тіркелсе, сол кезде үй алу мүмкіндігі көп болады.
Кезекке тұрғызу, азаматтарға баспана беру туралы шешімді «Отбасы банкі» қабылдағанмен, әкімдік тұрғын үй саясатына қатысуды жалғастырады. Себебі, тұрғын үйді салу және жалға беру мәселелері әкімдіктің құзырында қалады. Аймақта соңғы екі жылда құрылыс жұмыстарының көлемі бес есе өскен.
МӘДИ ӘЛІП – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСШАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Соңғы екі жылда төрт мың пәтерді пайдалануға берсек, 2024 жылы сегіз жарым мың пәтерді сатып алдық. Өткен жылмен салыстырған 866 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда артық орындадық межені. Екі жарым мың пәтердің атап өтетін болсақ, екі мың пәтер әлеуметтік осал топтарға, оның бес жүз пәтері кредиттік жеті қабатты тұрғын үйлер болып есептеледі. Биылғы жылы Байқоңыр қаласындағы 250 пәтердің құрылысын аяқтау, сонымен қатар сол жоғалауда бес қабатты 10 үйдің құрылысын аяқтау межесі қойылған. Және әлеуметтік осал топтарған 292 пәтер 3,7 миллиард теңгеге сатып алу көзделіп отыр.
Соңғы екі жылда аймағымызда 17 мыңнан астам жанұяның баспана мәселесі шешілген. Биылда өңірде құрылыс қарқынды. Ал тұрғын үйлерді бөліп беру функциясы автоматтандырылған және ашық түрде жүргізілетін болады.