#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #жоспар #инфраструктура
Қызылорда қаласының бас жоспарын жобалау жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Жоспар бекітілген соң, қала іргесіндегі Еңбек, Ягодка, Болашақ, Пищевик саяжайларының инфрақұрылымдық мәселелері шешімін табатын болады.
Бас жоспарды жобалау жұмыстарын «Казгипроград» 1 институты жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы баспасөз брифингінде алдағы жоспарлармен қатар өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы айтты. Мәселен, былтыр аталған бөлім 62 мыннан аса жеке және заңды тұлғаға қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бірнеше саябақ пен демалыс орындарын қайта жаңғырту жобаларын әзірлеген.
ДІНМҰХАМБЕТ СЫРЛЫБАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бас жоспардың қолдану мерзімі аяқталды. Оны жаңалау мақсатында өткен жылы әзірлік шаралары басталды. Бірінші кезекте Тұңғыш Президент паркі, Мәдени орталық қалалық паркі, горпарк дейміз, Батырхан Шүкенов атындағы саябақ, Қорқыт ата саябағын, Әйтеке би көшесіндегі сол жақта абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Аттракциондар қойылады, балаларға арналған ойын алаңдары, брусчатка төселеді, беседка, скамейка, жарық шамдар, қайта жөндеу жұмыстардан өтіп, абаттандыру жұмыстары жүреді.