#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда #заңментәртіп #құқық #қылмыс #қылмыссаны

Өңірде криминогендік ахуал оңалып келеді. Мәселен былтыр барлық санаттағы құқық бұзушылық көрсеткіші 10 пайызға азайған. Осылай оң динамика қалыптасуы дер кезінде жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі, дейді мамандар.

Жалпы, бір жылдың бедерінде облыста 2 136 қылмыс тіркелген. Оның ішінде аса ауыр қылмыс санатына жататын 30 оқиға сотқа жолданды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға төмен. Ахуалдың оңалуына зерделеу жұмыстары едәуір септігін тигізіпті. Сондай-ақ, өңірдегі бейнебақылау камераларының көмегімен 49 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған. Айта кетерлігі, облыста барлық санаттағы құқық бұзушылық көрсеткіші 10 пайызға азайғанымен, отбасылық жанжалдар мен алаяқтық қылмыстар белең алып тұр. Жасөспірімдердің де тәртібі алаңдатады. Былтыр жастардың қатысуымен 65 қылмыс тіркеліп, 73 жеткіншек қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /Былтыр қылмыс саны 10 пайызға азайды. Сонымен қатар ұрлық 28,2 пайызға, мал ұрлығының 48,5 пайызға тіркелуі төмендеді. Жалпы қылмыстың негізгі түрлері бойынша ашу көрсеткіші жақсарды. Қазіргі таңда киберкеңістікте өте өзекті болып отырған қылмыс түрі – ғаламтордағы алаяқтық. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету түрлері көбейген сайын, оның айла-тәсілі де түрленіп жатыр. Олардан облыс тұрғындарын сақтандыру мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдану туралы түсіндірме жұмыстары кеңінен жариялануда. Заманауи технологияның көмегімен атқарылған жұмыстың нәтижесінде аталған қылмыстың 88 дерегі ашылып, 76 интернет-алаяқ құрықталды.