#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда

Сырдария ауданында ауыл тұрғыны өз үйінде қарасора өсірумен айналысқан. Полиция оның үйінен 86 түп есірткі өсімдігін анықтаған.

 40 жастағы сырдариялық тұрғын қарасораны кәдімгі гүл өсіретін ыдыстарға еккен. Фитозертханадан 3 келіге жуық кептірілген марихуанна, 10 келі қарасора тәркіленіп отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Күдікті қамауға алынған.