#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда

Облыстық корей этномәдени бірлестігі корей жаңа жылы -«Соллаль» мерекесін атап өтті.

Соллаль мерекесі өңірде жыл сайын аталып өтеді. Бұл күні корейліктер бас қосып, бірге би билеп, ән айтады. Шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы корей этнос өкілдерін мерекемен құттықтап, бірлестікке алғыс хат табыстады.

 РУСЛАН ҚАЮПОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

  Шын жүректен баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын.Соллаль мерекесі мен Наурыз мерекесі ұқсастығы көп.Екеуіде жыл басы деп тойлап жатамыз.Наурызда біз салт-дәстүрімізді дәріптейтін болсақ, сіздерде Соллаль мерекесі арқылы өз ұлттарыңыздың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарыңызды ұлықтайтын ерекше мереке.01.46Еліміздегі бірлік,татулық әрқашанда мәңгі болсын.

Соллаль мерекесінде корей ұлты мына менің үстімдегідей ханбокты киіп, кішілер үлкендерге тағзым жасап, батасын алады. Және бұл күні міндетті түрде токкук деп аталатын ұлттық тағамдарын ішеді. Бұл олардың сенімі бойынша тағы бір жылға есейесің дегенді білдіреді.

ТАТЬЯНА КИМ – ЗЕЙНЕТКЕР

 /Аударма/Мен «Соллаль» мерекесін тойлауға Тереңөзек кентінен келдім. Бұл күн біз үшін өте маңызды. Қазақтың Наурызына ұқсайды, бізде дәл осы күні жаңа жылды тойлаймыз. Соллаль мерекесінде бірінші ата-бабаларымызды еске аламыз. Одан соң міндетті түрде кішілер үлкендерге құрмет көрсетеді. Ал біз оларға сыйлық береміз. Осындай айтулы күні елімізге бірлік пен тыныштық тілеймін. Тату-тәтті өмір сүре берейік.

ЕЛЕНА АН - «ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ

/АУДАРМА/«Соллаль» мерекесі ай күнтізбесі бойынша бірінші күні, қыста тойланады. Біз 35 жылдан бері Соллальды атап өтіп келеміз. Бұл мерекенің мақсаты көне дәстүрді жаңғырту,оны ұмытпау. Дәстүр бойынша бұл күні дастарханға корей тағамдары қойылып, жастар өнерін көрсетті.

 Жалпы өңірде 8 мыңға жуық корей этносы өкілдері тұрады. Олар бірлік пен ынтымақты бекем ұстап, екі ұлт арасындағы достықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.