#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда
Мәжілісте сотталған әйелдерге рақымшылық жариялау ұсынылды. Ауыл партиясының фракциясы сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылық жасаумен байланысты болмаса, қоғам үшін қауіп төндірмейтін болса, ондай әйелдерге амнистия жасау мүмкіндігін қарастыру керек дейді.
Бүгінгі таңда 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы — аналар, оның ішінде 250-і көп балалы ана. 1500-ден астам бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтуде. 100-ге жуық сәби балалар үйіне жіберілген.
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Мәжіліс толық отырыс. «Аталған шара отбасылардың қауышуына, анасынан ажыраудың балаларға тигізетін салдарын азайтуға септігін тигізіп қана қоймай, қылмыстық саясатты ізгілендіру жолындағы маңызды қадамға айналады. Отбасы үшін, қоғам мен мемлекет үшін бұл шешімнің ұзақ мерзімді оң әсері болмақ. Сондықтан, әйелдер өз отбасылары мен балаларына оралуына мүмкіндік берейік".