#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда

«Заң және Тәртіп» қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай. Қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған зерттеу қорытындысы туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин телеграм арнасына жазды.

 Қорытындыға сай: «Әділдік» қағидаты – 84,1%, «Заң және Тәртіп» – 83,5%, «Еңбек» – 83,4%-ды көрсеткен. Сонымен бірге: «Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес.», делінген хабарламада.