#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар

Биыл Қазақ хандығының құрылғанына – 560 жыл. Осыған орай, Жыраулар үйінде аймақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп жүрген жыр жүйріктері «Дәуірлердің дүбірі» атты тағылымды шара өткізді.

Ақтамберді, Үмбетей, Шалкиіз, Бұқар жырау мен Жиембет, Доспамбеттің шығармалары тұтас дәуірдің жүгін арқалап келе жатыр. Жаһандану кезеңінде олардың жыр-дастандары жұтылып кетпеуі қажет. Керісінше, кейінгі буын насихатын арттырып, терең тануға ұмтылу керек. Өйткені, оның бәрі ұлт руханиятының қымбат қазынасы.

Кемел келешекке көз тастау үшін өткен күннен өнеге терудің маңызы зор. Сондықтан мәдени мұрамыздың мәйегіне айналған кешегі ақын-шайырлардың өнер көшін өрістету абыройлы міндет, дейді ұйымдастырушылар.

 Айта кетейік, алдағы уақытта жыраулар үйі Сыр сүлейлерінің мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізбек.