#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесу өтті. Шараға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев пен облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев қатысты.
Жиында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ оқушыларға күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.
ҚУАНЫШ АХМЕТҚАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Тәртіпті өзіңнен бастау - бұл үлгі. Адамдар да бізден үлгі алады. Соған қолжеткізу үшін мектеп оқушыларымен кездесіп отырмыз. Әрбір оқушыға осыны жеткізу үшін. Қазіргі таңда, шара бүкіл республикада өтіп жатыр. Оқушылармен әртүрлі іс-шаралар өтікізіп отырамыз, видеоролик түсіру, айтыс деген секілді. Одан әрі жалғасын таба береді.
Кездесуге қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінді.
АСАН БАҚЫТЖАН – ОҚУШЫ
Сыбайлас жемқорлық және адалдық мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлық әрекетін орындаса, өте қауіпті тек әлеуметтік ғана емес, экономикаға, заңдардың орындалмауына алып келеді.
ЕРАСЫЛ АЙДАРБЕК – ОҚУШЫ
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзін қолдана бермей, менің ойымша, бәрін өзімізден бастау керек. Біз болашақта сонда ғана сыбайлас жемқорлықты жеңетін ел боламыз.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта колледж және университет студенттерімен де кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.