Облыс орталығында халықаралық кітап сыйлау күні аталып өтті.

Іс-шараға жиылғандар кітап оқудың маңызын сөз етіп, аймақта кітап оқитындардың қатарын арттыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ бұл күні оқырмандар бір-біріне кітап сыйлап, өздері оқыған шығармалардың мазмұнымен бөлісті.