Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиында бұған дейін Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған Серік Сермағамбетовті жаңа қызметке шығарып салды.

 Серік Сағитжанұлы еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласында Балық шаруашылығы министрлігінің орталық материалдық-техникалық жабдықтау базасында бас экономист болып бастаған. Содан бері балық шаруашылығында, облыс, қала әкімдігінде түрлі жауапты жұмыстарда болды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары, Жалағаш және Арал ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарды. Енді оған Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымы жүктеліп отыр. Облыс әкімі Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан Серік Сағитжанұлына ризашылық білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аймақтың ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасын табыстады.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // С.Сағитжанұлы жинаған мол тәжірибесін алдағы уақытта республикалық деңгейде ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға жұмсайды деп сенеміз. Алдағы жұмысыңызға табыс тілейміз.