Атаулы мерекеге орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйел-аналармен жүздесіп, оларға сый-құрмет көрсетті.
Еркін форматтағы мерекелік жиынға түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандармен қатар, ұрпақ тәрбиесін қамдаған көп балалы аналар арнайы шақыртылған. Қазір аймақта демографиялық ахуалы айтарлықтай оңалып келеді. Соңғы үш жылда 58 мың сәби өмір есігін ашты. Тиісінше, «Алтын алқалы» аналардың да қатары біршама көбейген. Өңірде үй мен түздің шаруасын қатар қамдаған іскер әйелдер де жетерлік. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің 45 пайызы нәзік жандар. Жиында аймақ басшысы отбасының берекесі мен ұлттың ұйысуына ат салысып жүрген ардақты жандарға алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.