Жалағаш ауданында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Батыр аналар мен «Алтын алқа» иегерлеріне құрмет көрсетілді.

Бүгінде ауданда мың жарымға жуық көп балалы ана болса, оның 333-і «Алтын алқа» иегері. Жалағаштық аналар демографиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, түрлі салада еңбек етіп, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, мемлекеттік қызметте 127 бұрымды жұмыс істесе, білім және денсаулық сақтау саласының сексен пайызға жуығын қыз-келіншектер құрайды. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов қызмет пен отбасын қатар алып жүрген арулар мен алтын құрсақты аналарды мерекемен құттықтап, игі лебізін жеткізді. Салтанатты шарада білім саласының ардагері, батыр ана Ұлданай Тоқпенбетова мен ауыл шаруашылығы саласының ардагері Дәмелі Жүсіпова алғаусыз алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.